Дархан Кәлетаев Молдовадағы Қазақстан Елшісі қызметінен босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды. Бұл туралы Ақордадан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Д.Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы Елшісі лауазымын атқаруды жалғастыруда.

ҚР-дың Молдовадағы Елшісі қызметін қоса атқару 2020 жылдың 12 қарашасында жүктелген болатын.


Соңғы жаңалықтар