Дархан Кәлетаев ҚР велоспорт федерациясының басшылығынан кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан велосипед спорты федерациясына жаңа басшы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Федерацияның ақпаратына сәйкес, Дархан Кәлетаев ҚР велоспорт федерациясының президенті өкілеттігін өздігімен тоқтатқан.

Жаңа басшы болып Нұрлан Смағұлов тағайындалды.

«Кеңейтілген отырысы барысында федерацияның барлық мүшелері ұйымның басшылығына Н. Смағұловтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді. Жаңа президенттің өкілеттігі 4 жылды құрайды», - делінген хабарламада.

Кеңейтілген отырысқа сондай-ақ ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты.

Н. Смағұлов 1992 жылы құрылған «Астана Моторс» ҚМК тарихымен бірге бастау алатын Astana Group компаниясының негізін қалаушы. Бүгінде «Astana Group» компаниялар тобының президенті.

2007 жылы «Құрмет» мемлекеттік орденімен марапатталды. 2009 жылы халықаралық Ernst&Young аудиторлық компаниясының «Жыл кәсіпкері» (Entrepreneur of the year award) Халықаралық байқауының ұлттық кезеңінің жеңімпазы атанды. 2018 жылы өндіріс қызметіне сіңірген еңбегі және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар