Дархан Кәлетаев ҚР Премьер-Министр Кеңсесіне басшы болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің ұжымына жаңа басшы Дархан Кәлетаевты таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап.

Премьер-Министр Н. Алдабергеновқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

А. Мамин таныстыру барысында Д. Кәлетаев министр, Парламент депутаты болғанын, Президент Әкімшілігінде басшы орынбасары лауазымын атқарған кезде үлкен мектептен өткенін атап өтті. «Нұр Отан» партиясының жақында өткен съезінде саяси кеңес мүшесі болып сайланды. Бұл - Мемлекет басшысы тарапынан көрсетілген үлкен сенім.

«Дархан Аманұлының басшылық қызметте үлкен тәжірибесі бар, сондықтан да Премьер-Министр Кеңсесінің ,асшысы қызметін күмәнсіз жақсы атқаратыны анық. Премьер-Министр Кеңсесінің алдында Елбасының жаңа әлеуметтік шараларын, халыққа Жолдауларын және Ұлт жоспарын іске асыру аясында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауды үйлестіру, Премьер-Министр мен Үкімет қызметін ұйымдастыру бойынша маңызды міндеттер тұр», - деді Асқар Мамин.

Дархан Аманұлы 1972 жылы 10 қазанда туған, білімі жоғары. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебін бітірген.
Мамандығы бойынша тарихшы-оқытушы, мемлекеттік басқарудың менеджері. Саясаттану ғылымдарының докторы. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған.
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарушы директоры болып қызметтерін атқарған.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болған.

2018 жылы 4 сәуір айынан 2019 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі болды.

Соңғы жаңалықтар