+7 (701) 759 90 19
USD 377.19 EUR 408.99
RUB 5.93 CNY 54.02
Jańalyqtar

Дархан Базарбаевтың ерлігі – біздің бәріміз үшін үлгі - министр

2020 жылғы 23 қаңтар 21:54
Бөлісіңіз:
Дархан Базарбаевтың ерлігі – біздің бәріміз үшін үлгі - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қызметтік міндетін атқару кезінде қаскөйдің қолынан мерт болған Дархан Базарбаевтың туған-туыстарына көңіл айтып, полицейдің ерлігі – бүкіл елге үлгі екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Дзюдо: Дюссельдорфтағы «Grand Slam» турниріне қатысатын ел құрамасы белгілі болды Ұлттық кеңес құрылған алты айдың ішінде қандай жұмыстар атқарылды - сарапшы Алматыда қар тазалау бойынша тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылды

«Мыңдаған қазақстандықты, соның ішінде мені де Қостанай облысында қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмған Дархан Базарбаевтың ерлігі бей-жай қалдырған жоқ. Жас полицей отбасын жанжал шығарушыдан құтқарып, өз өмірін құрбан етті. Мен көз жұмған полиция қызметкерінің туған-туыстарына көңіл білдіре отырып, елсүйер лайықты ұл өсіргені үшін алғысымды айтқым келеді. Ол антына адал болып, қызметтік міндетін орындау барысында жан тапсырды. Мұндай ерлік – біздің бәріміз үшін үлгі. Біз полиция қызметкерлерін жиі сынаймыз. Бірақ, бір сәтке олардың жұмысы қаншалықты күрделі әрі қауіпті екенін ойласақ екен. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін олар қызмет етеді. Біздің көшелердегі бүгінгі тыныштық үшін біз соларға алғыс айтуымыз керек», - деді министр «Ашық диалог» бағдарламасында.

Еске салайық, Дархан Базарбаев 19 қаңтар күні қызметтік міндетін атқару кезінде қаскөйдің қолынан мерт болды.

Қызметін атқару кезінде мерт болған қостанайлық полицейдің артында 4 айлық сәбиі қалды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқару үстінде көз жұмған полицей Дархан Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT