Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.29 EUR 426.40
RUB 5.93 CNY 56.58
Jańalyqtar

Атырауда полиция қайыр сұраушы арбадағы мүгедекті жауапқа тартты

2019 жылғы 10 қаңтар 17:30 1365
Бөлісіңіз:
Атырауда полиция қайыр сұраушы арбадағы мүгедекті жауапқа тартты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 9 қаңтар күні Атырау қаласы полицейлері таспасының назарына мүгедек арбасына таңылған күдікті ер адам іліккен. Жанына барған учаскелік полицей әлгі ер адамның мүгедектер арбасынан еш қиындықсыз тұрып, көшеде дәрет сындырып тұрғанын көреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мой город порталына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында 3 адам жертөледе улы газдан көз жұмды Ақтауда кішкентай қызды көліктен итеріп құлатқан туысқан ағасы болып шықты

«Ұсталған қайыр сұраушы 58 жастағы ер адам Ақтөбе қаласының тумасы болып шықты. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 434-бабы  (Қоғамдық тәртіпті бұзу) және 449-бабы (Қайыр сұрау) бойынша екі хаттама толтырылды», - деп баяндады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Полицейлердің айтуынша, қазіргі кезде ұсталған ер адам есімін және тұрғылықты жерін анықтау үшін 2-ші қалалық полиция бөлімшесіне жеткізілді.

«Бұдан бөлек, қайыршы мүгедектігін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтеді», - деп нақтылады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT