Дарах, лютня, кавал - Ақысқа түріктерінің көне мұралары

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы музейінде Ақысқа түріктері ұлттық жәдігерлерінің көрмесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Қазақстан территориясында 70 жылдан бері тіршілік етіп келеміз. Арғы бабаларымыз Грузиядан жер аударылған Осман түркілері. Көрмеге  қойылған экспонаттарды біздің  ата -бабамыз 500 жыл бұрын қолданған.  Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, бүгінге дейін сақталған жәдігерлерді жинауға мен де өз үлесімді қостым»-дейді «Ақысқа» түрік этномәдени орталығының мәдениет комитеті басшысының орынбасары Зарина Аббасова.

Дарах  аталатын мына экспонат Заринаның әжесінен қалған.

Қой, ешкілерді қырыққан кезде, Назо әжей осы құрал арқылы жүн өңдеген екен. Содан кейін мына ұршықпен жүнді жіп етіп иірген.

Заринаның айтуынша, тұрмыстық құралдар қолданыстан шығып қалғандықтан, көрмеге тапсырған.

null 

Кавал ұлттық музыкалық аспабы түркі халықтарына тиеслі.  Ал лютня аспабын әйелдер ғана қолданады. Бұл аспапта ежелде  гаремдегі әйелдер ойнаған. 

null

Осман империясының тұсында тұрмыстық жабдықтарда қызғалдақ гүлі бейнеленген. Заринаның айтуынша, қызғалдақтың отаны -Голландия емес,  ең алғаш шыққан жері Константинопль , ежелгі Византия мемлекеті екен. 

null

Мынау 19-ғасырдың соңы 20-ғасырдың басында ер жігіттер киген ұлттық киім.

null

Ал мынау түркі қыздарының тұрмыс құрғанда киетін ұлттық киімі. Көйлектің астынан «шаравар» яғни, шалбар  кию түркілерде  ұлттық үрдіс саналған. Ал қызыл түс ұзатылатын бойжеткеннің пәктігі мен тазалығын білдірген.

null

Күміс белдік салт бойынша енесінен келініне берілген. Отбасылық құндылықты білдіретін бұйымды үйлену тойында жаңа түскен келін беліне таққан.

Қанжар әйелдердің қаруы болған. Мұны өздерін қорғау мақсатында емес, ауыр жұмыстар атқарғанда қажетіне жаратқан.

null

Алматы музейінің аға ғылыми қызметкері Қожаханова Құралайдың айтуынша, осыған дейін Осетин, қырым-татарлары, буряттар, ауған, шешен, ингуш этнос өкілдерінің көрмесі өткен.

«Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатыр. Бүгінде республикамызда Қазақстан этностарының мәдениеттер, тілдері дәстүрлерінің дамуына қажетті жаңғайлар жасалған. Соның бірі «Ел бірлігі - достықта» атты Алматы музейінде ай сайын әр ұлттың көрмесін өткіземіз»,-деді Құралай Қожаханова. 

nullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар