+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Данияр Есин жаңа қызметке тағайындалды

2020 жылғы 29 маусым 14:41
Бөлісіңіз:
Данияр Есин жаңа қызметке тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Данияр Есин «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар
Дәурен Сәбитов ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры болып тағайындалды Сәкен Сәрсенов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетіне жаңа басшы тағайындалды

Еске сала кетейік, ол 2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың 26 маусымына дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

2002 жылы ҚР Қаржы полициясы академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған, 2013 жылы Қазақстан-Ресей университетінде «Экономика» мамандығы бойынша оқып шықты. 2016 жылы РФ Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында «Заң» мамандығын оқып бітірді.

Қазіргі уақытта ҚМЭБИ университетінде жетекшілерге арналған ExecutiveMBA (еркін оқу жүйесі, демалыс күндері) игеруде.

Еңбек жолын 1998 жылы Академияда бастады. 2007 жылдан бастап әртүрлі басшылық қызметтер атқарды.

Әр жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында қызмет еткен.

2015-2016 жылдар аралығында Астана қаласы Инвестициялар және даму басқармасы Басшысының орынбасары және басшысы болды.

2016-2018 жылдар аралығында Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2018-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасын басқарды.

Құрмет орденімен, «Астана қаласына 20 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл ордендерімен дәне елордамыздың дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Президентінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласады.

«Дзюдо күресі федерациясы» ҚБ президенті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT