+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Данияр Есин Сыр өңірінің жастарымен кездесті

2019 жылғы 28 қазан 12:37
Бөлісіңіз:
Данияр Есин Сыр өңірінің жастарымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев басқарған үкіметтік жұмыс тобының мүшесі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин Сыр өңірінің жастарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Еңбек министрі: Әр адам бизнес бастай алады Бердібек Сапарбаев еліміздегі үздік 1 мың оқушыға арналған жоба туралы айтты Оңдасын Оразалин: Газбен қамту жұмыстары жалғасады

Б.Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, жүздесуде Жастар жылын атап өтудің Үкімет бекіткен Жол картасына енген бағдарламалар мен тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды. Сондай-ақ вице-министр жұмыс сапары барысында әлеуметтік тапсырыс арқылы облыста бірінші рет жүзеге асырылып жатқан «Kyzylorda business hub» жобасына қатысушылардың жоба жасау сәтіне куә болды. «Kyzylorda business hub» - жастардың стартап жобаларын инвестор алдында қорғауға үйретуге, бизнеске баулуға бағытталған.


Мақсаты - жастардың идеяларын бизнеске айналдыру арқылы табыс табуға, инвесторлармен сауатты қарым-қатынас орнатуға, өз жобасының мүмкіндігін жария ете алатындай жағдайға жеткізіп, өзін және жобасын инвесторларға өткізе алатындай жауапкершілікке үйрету.

Д.Есин жастар стартаптарының бағыттарымен танысып, өз тарапынан ұсыныстарын білдірді. Жас стартаперлермен кездесу барысында бұған дейін Boeing 757 базасында жаңа ұшақтың техникалық және дизайнерлік келбетін жасақтаған Евгений Демиденко келесі жобасын таныстырды. Евгений вице-министрге YouTube бейнехостингіне ұқсайтын, бірақ мүмкіндігі одан жоғары болатын қазақстандық нұсқаның жобасын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіп, инвестор іздестіріп жатқанын баяндады. Бұдан бөлек, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Жастар жылы аясында барлық коммуникациямен жабдықталған​ Қызылорда жастары үшін жасақталған облыстық Жастар орталығымен танысты.​ Д. Есин 4 мың шаршы метр аумақты құрайтын заманауи орталық жұмысымен таныса отырып, аймақта жастар үшін қабылданған шараларға оң баға берді. Орталық жұмысын қайта жасақтау Жастар жылында жастарға жасалған​ үлкен қолдау екендігін атап өтті. Жасалған қолдауды тиімді әрі мақсатты пайдаланып, жастарды жетістікке жетуге шақырды. Жастар орталығында жастар үшін өз-өзіне қызмет көрсету, кеңес беру, кітапхана, медицина қызметкері, психолог, анти-кафе, 330 орындық көпфункциялы зал, коворкинг және фитнес залдармен қатар, арнайы IT-park жұмысы ұйымдастырылған. Орталық түнгі мезгілде де жұмыс істейді.

Сонымен қатар ви-министр сол жағалауда орналасқан Рухани жаңғыру орталығының қызметімен танысты. Қалалық музей орналасқан жаңа ғимараттағы Рухани жаңғыру орталығының жұмысына оң баға берілді.

Облысқа сапар Жалағаш ауданында өткен кездесумен қорытындыланды. Ауданда Жастар жылы аясында қайта ұйымдастырылған Жастар орталығымен танысып, жастармен кездесті. Ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жастар орталығын қайта жаңғырту арқылы аудан жастары бас қосатын орынның пайда болғанына, олардың уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал еткендігіне көз жеткізді.


Аудан әкімдігі Жастар жылына орай бюджеттен 5 млн теңге бөліп, жастарға арналған орталықты заманауи үлгіде жаңғыртып берген. Келешек ұрпақпен кездесу барысында Жастар жылының Жол картасы аясында жүзеге асырылған және бүгінде барлық өңірлерде нақты жұмыс жасайтын, тұрақты әлеуметтік бағдарланған бизнес жобаларды іске қосуды, ауыл жастарының экономикалық және әлеуметтік лифтілерге қол жеткізуін арттыруды мақсат тұтқан «Зерен-2019» жастарға білім беру республикалық жазғы лагерінің мақсатты жүзеге асырылғанына көз жеткізді. Себебі, лагерьге қатысушы бір ғана Жалағаш ауданының жастары жалпы алғанда 3,5 млн теңгеге сертификаттардың иесі атанған. Қорғаған жобаларын аудан жастары көктемгі мезгілден бастап жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді. Данияр Есин сонымен қатар, ауданда бірқатар тұрғындармен кездесіп, Мемлекет басшысы ​Қ. Тоқаевтың Жолдауда жүктеген міндеттерін орындау барысымен таныстырды. ​

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT