+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Данияр Есин қызметінен босатылды

2020 жылғы 26 маусым 19:12
Бөлісіңіз:
Данияр Есин қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Данияр Нұрашұлы Есин берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар

Данияр Есин 1981 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Әр жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында жұмыс істеді: басшының орынбасары, басшы лауазымдарын атқарды. 2016-2018 жылдары — Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы. 2018 жылғы наурыз айынан 2019 жылғы маусымға дейін Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасын басқарды. 2019 жылғы маусымда ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT