Данияр Елеусіновтың алдағы жекпе-жегін қайдан тамашалауға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 наурызда қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов алтыншы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айқас АҚШ-тың Филадельфия штатында өтеді. Аталмыш бокс кешін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының иесі Эдди Хирн ұйымдастырады. Эдди Хирн қазіргі уақытта Келл Брук, Карл Фроч, Энтони Джошуа секілді боксшылардың жұлдызын жаққанын атап өтуге болады.

Отандасымыздың айқасын «Хабар» телеарнасынан тамашалауға болады. Бокс кеші Астана уақыты бойынша 16 наурыз күні сағат 06.00 уақытында басталады.

Еске сала кетсек, 15 наурызда кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (5-0, 3КО) АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Филадельфияда кезекті жекпе-жегін өткізеді. BoxRec.com келтірген ақпаратқа сәйкес, 2016 жылғы Олимпиада чемпионының қарсыласы - 36 жастағы мексикалық Сильверио Ортис (37-23, 18 КО). Алда Елеусіновті 8 раундтық айқас күтіп тұр.

Соңғы жаңалықтар