Данияр Елеусіновтің жүлдесі үшін жарыс өтті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдағы оқушылар және жастар сарайында бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің жүлдесі үшін ересектер арасында халықаралық турнир мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа Қырғызстан мен Өзбекстаннан, сондай-ақ Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласынан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарынан сексенге жуық былғары қолғап шебері қатысты.

Төрт күнге созылған дода қорытындысында салмақ дәрежелеріне қарай мына боксшылар чемпион атанды: Дулат Даутов (49 кг, Қызылорда), Нұрсұлтан Нұриденов (52 кг, БҚО), Сағындық Молдашев (56 кг, БҚО), Сұлтан Мусинов (60 кг, Ақмола), Рахат Сейтжан (64 кг, Ақтөбе), Саиджамшид Жаффаров (69 кг, Өзбекстан), Владислав Преображенский (75 кг, Ақмола), Ерік Әлжанов (81 кг, Маңғыстау), Жайбек Қартабаев (91 кг, Ақтөбе), Нұрлан Сапарбай (+91 кг, Түркістан).

null Турнирге арнайы келген Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимовтың айтуынша, жарыс аясы кеңейе түсіп, қатысушылар саны артып келеді. Болашақта оны AIBA дәрежесіне жеткізу ойластырылуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар