+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Данияр Елеусіновтің зайыбы: Күйеуімнің жарақатын көргенде, құлай жаздадым

2016 жылғы 24 тамыз 04:16
Бөлісіңіз:
Данияр Елеусіновтің зайыбы: Күйеуімнің жарақатын көргенде, құлай жаздадым

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанаға Рио олимпиадасынан Қазақстанның бокс құрамасының капитаны, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов оралды.

Түнгі уақытқа қарамастан, оны күтіп алуға туыстары мен жақындары, жанкүйерлері келді.

"Мен өте қуаныштымын, ол үшін қатты уайымдадым, өте қорқынышты болды. Мен оның жарақатын көргенде, құлай жаздадым. Қазір барлығы жақсы, біз өте бақыттымыз", - деді Д. Елеусіновтің зайыбы "ҚазАқпарат" тілшісіне берген сұxбатында.

Еске сала кетейік, Рио Олимпиадасында бокстан өткен жарыста 69 келіде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов жартылай финалда француз Сүлейман Сиссокоға қарсы кездесу өткізді. Жекпе-жектің бірінші раунды Данияр Елеусіновтің айқын жеңісімен аяқталған болатын. Екінші раундта да қазақстандық боксшы едәуір басымдықпен алда келе жатқан. Алайда қарсыласының басына соғылған Данияр шекесін қатты жарақаттап алған еді. Дәрігер кездесуді жалғастыруға тыйым салды. Төрешілер жеңісті қазаққа берді. Сиссоко болса, қола медаль иеленді.

Финалда Д. Елеусінов Өзбекстан боксшысы Шаxрам Гиясовтан басым түсті.

Риодан Даниярмен бірге оның әкесі және жеке бапкері - Марат Елеусінов те келді.

"Іштегі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, мен өте бақыттымын. Біз бұған көп жылдар бойы талпынып келдік, енді міне соған да қол жеткіздік. Жанкүйерлерге мың алғыс. Танымайтын адамдардың өзі жазып жатыр, қоңырау шалып жатыр - бізге өте қуанышты", - деп атап өтті М. Елеусінов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT