Данияр Елеусіновтің рейтингі 75 сатыға жоғарылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мажарлық боксшы Габор Горбичті (24-12, 14 КО) жеңген кейін Данияр Елеусіновтің  (3-0, 1 КО) танымал BoxRec.com сайтындағы рейтингі шарықтап кетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингте ол 75 орынға көтеріліп 256-орынға тұрақтады. BoxRec рейтингінде оның санаты бойынша WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Теренс Кроуфорд (33-0, 24 КО) көш бастап тұр.

Еске сала кетсек, кеше (Уэльс) Ice Arena Wales алаңында өткен бокс кешінде Данияр Елеусінов Горбичті ұпай санымен жеңді.

 

Соңғы жаңалықтар