Данияр Елеусіновтің кезекті жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жартылай салмақтағы кәсіпқой боксшының келесі жекпе-жегінің қашан және қай қалада өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Данияр Елеусінов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.

«Кәсіби бокстағы келесі жекпе-жегімді 2019 жылдың ақпан айында Лондонда өткізуді жоспарлап отырмын. Қарсыласымның кім екені әзірге белгісіз. Ол менің салмағымдағы боксшылардың рейтингісі бойынша анықталады. Дегенмен кіммен жұдырықтасатыным жуық арада белгілі болады», - деді Д.Елеусінов.

Оның айтуынша, боксшы бүгінде қызу дайындық үстінде және басты мақсаты отандық бокстың дамуына барынша өз үлесін қосу.

Сонымен қатар, Д.Елеусінов кәсіби рингтегі рейтинг жоғарылаған сайын жауапкершіліктің де арта түсетінін айтып өтті.

Бұған дейін белгілі боксшының алдағы жылы жазда 10 раундық кездесу өткізетінін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар