Данияр Елеусіновтің кезекті айқасы тікелей эфирде көрсетіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (4-0, 2 КО) бесінші жекпе-жегін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы аталған телеарнаның ресми сайты мәлім етті.

Аталған хабарламада «Монакодан тікелей көрсетілімді «Хабар» арнасы көрсетеді. 24 қараша күні сағат 01:00-де шаршы алаңдағы тартысты кездесуді өткізіп алмаңыздар!», - деп жазылған.

Қазақстандық боксшының қарсыласы - никарагуалық Маркос Мохика (16-2-2, 12 КО).

Жекпе-жек сегіз раундтан тұрады. Елеусіновтың бұған дейінгі төрт жекпе-жегі де алты раундтан болған.

Елеусінов - Мохика жекпе-жегі қарашаның 24-нен 25-не қараған түні «Казино де Монте-Карлодағы» бокс кешінде болады. Бұл кештің басты жекпе-жегінде алғашқы ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) америкалық Майк Уилсонмен (19-0, 8 КО) жұдырықтасады.

Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов 20 қазанда Бостондағы (АҚШ) TD Garden аренада американдық боксшы Мэтт Доэртимен (8-6-1, 4 КО) кездесіп, қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Соңғы жаңалықтар