Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО) менеджері Зия Алиев боксшының алдағы жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен промоутерлермен сөйлестім, шоу 27 шілдеде болады. Оның қайда өтетінін әзірше білмеймін, бірақ Даниярдың осы күні рингке оралатыны анық», - дейді Алиев.

«Ол Нью-Йорк немесе Калифорнияда жекпе-жек өткізгісі келе ме?», - деген сұраққа менеджер оң жауап қатты.

«Иә, онда тұратын қазақстандықтар баршылық. Бұл оның супержұлдызға айналуына тамаша платформа болушы еді. Даниярдың ол жақта кездесу өткізгісі келеді», - деді Зия Алиев.

Еске сала кетейік, соңғы жекпе-жегінде Данияр Елеусінов Чили боксшысы Луис Норамбуэнаны (3-2-1, 0 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген болатын.

Соңғы жаңалықтар