Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы анықталды
Елеусіновтің алдағы кездесуі 20 қазан күні Американың Бостон қаласында өтеді. Боксшының менеджері Зия Әлиевтің айтуынша, оған 30 жастағы америкалық боксшы, «Дәуіт» аталған Мэтт Догерти қарсылас болады. Кештің басты айқасы Билли Джо Сондерс пен Деметриус Эндрейд арасында өтеді. Алайда, қыркүйек айының соңында допинг-сынамалардың бірінде Сондерстен оксилофрин табылған еді. Іс бойынша отырыс Массачусетс штатының Атлетика комиссиясында өтуі тиіс.
Еске салайық, Данияр Елеусінов биылғы 4 тамызда өткен жекпе-жекте венгриялық Габор Горбичті ұпай саны бойынша айқын басымдықпен жеңген болатын. Бұл жеңістен кейін қазақстандық боксшының BoxRec.com танымал сайтындағы рейтингі бірден 75 сатыға жоғарылады.
Боксшының 2018 жылдың 24 қарашасына жоспарланған жекпе-жегі туралы мына жерден көруге болады.