Данияр Елеусіновтің чемпиондық жекпе-жегі кейінге қалдырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 8 КО) пен украиндық Иван Голубтың (20-1, 15 КО) кездесуі белгісіз мерзімге ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Елеусінов — Голуб жекпе-жегі 25 маусымда АҚШ-та өтеді деп жоспарланған еді. Қазақстандыққа тиесілі IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы титулы сарапқа салынған. Ұйымдастырушылар айқастың қашан өтетінін әзірге айтпады.

Данияр Елеусінов IBO белбеуін желтоқсанда аргентиналық боксшы Хуан Эрнан Леалді (15-3, 4 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп алған еді. Содан бері Елеусінов рингке шықпады.



Соңғы жаңалықтар