Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Данияр Елеусіновтің бесінші жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

2018 жылғы 16 қазан 08:30 222
Бөлісіңіз:
Данияр Елеусіновтің бесінші жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (3-0, 1 КО) мүддесін қорғап жүрген Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы оның кәсіби бокстағы бесінші жекпе-жегінің қашан және қайда өтетінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Ұқсас жаңалықтар
30 жасқа дейін кәсіпқой бокста әлем чемпионы болғым келеді -Данияр Елеусінов Данияр Елеусіновтің жекпе-жегінде Фируза Шәріпова комментатор болады

Жекпе-жек 24 қараша күні Монаконың Монте-Карло қаласында өтеді. Оның қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз. Бұл кештің хедлайнерлері ресейлік боксшы Денис Лебедев (31-2, 23 КО) пен американдық Майк Уилсон (19-0, 8 КО) болмақ.

Елеусіновтің алдағы төртінші кездесуі 20 қазан күні Американың Бостон қаласында өтеді. Боксшының менеджері Зия Әлиевтің айтуынша, оған 30 жастағы америкалық боксшы, «Дәуіт» аталған Мэтт Догерти қарсылас болады. Кештің басты айқасы Билли Джо Сондерс пен Деметриус Эндрейд арасында өтеді.

Еске салайық, Данияр Елеусінов биылғы 4 тамызда өткен жекпе-жекте венгриялық Габор Горбичті ұпай саны бойынша айқын басымдықпен жеңген болатын. Бұл жеңістен кейін қазақстандық боксшының BoxRec.com танымал сайтындағы рейтингі бірден 75 сатыға жоғарылады

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT