Данияр Елеусіновтің әлемдік рейтингі жоғарылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) кәсіпқой рингтегі алтыншы жеңісінен кейін әлемдік рейтингтегі орны өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Елеусінов BoxRec сайтының жаңартылған рейтингінде орта салмақ бойынша 48 позицияға көтеріліп, 136-орынға тұрақтады.

Еске салсақ, Елеусінов АҚШ-тың Филадельфия қаласында кеше өткен бокс кешінің андеркартында өнер көрсетті. Олимпиада чемпионының қарсыласы 36 жастағы мексикалық Сильверио Ортис (37-23, 18 КО) болды. Жартылай орта салмақтағы айқас сегіз раундтан тұрды. Нәтижесінде ол төрешілердің бірауызды шешімімен ұпай саны бойынша Даниярдың пайдасына аяқталды.

Соңғы жаңалықтар