+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Данияр Елеусіновтің алдағы жекпе-жегін отандық телеарна тікелей эфирден көрсетеді

2019 жылғы 11 қыркүйек 13:43
Бөлісіңіз:
Данияр Елеусіновтің алдағы жекпе-жегін отандық телеарна тікелей эфирден көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық көрермендер кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегін «Хабар» арнасынан тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елеусінов пен Хикс Нью-Йорктегі жекпе-жек алдында салмақ өлшеді Елеусінов 13 қыркүйек күні өтетін айқасына дайындықты аяқтады Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін қашан және қайда өткізетіні анықталды
«Қазақстан кәсіпқой боксы» ВКонтакте парақшасынан хабарланғандай, 13 қыркүйекте Данияр Елеусінов Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» аренасында жеңіліп көрмеген америкалық Решард Хикспен (12-0-1, 6КО) жұдырық түйістіреді. Жекпе-жекті Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14 қыркүйек күні сағат 06.00-де «Хабар» арнасынан көруге болады.

Айта кетсек, аталмыш бокс кешінің басты жекпе-жегі – Девин Хэйни (22-0, 14 КО) мен ресейлік Заур Абдуллаевтың (11-0, 7 КО) кездесуі болмақ.

«Данияр өзін жақсы сезініп жүр. Соңғы спарринг сенбі күні болды. Біз дайындықты аяқтадық. Даниярды жекпе-жекке Дерик Сантос, Гарри Кларк және Даниярдың әкесі Марат аға дайындап жатыр», - дейді боксшының менеджері Зия Әлиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT