Данияр Елеусінов: Жекпе-жекке дайынмын

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салмақ өлшеу рәсімінде отандасымыздың таразыдағы таза салмағы 150,6 фунтты (68,31кг) көрсетті.

«Ертеңгі жекпе-жекке дайынмын» -, деп жазды Елеусінов өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Данияр Елеусіновтің қарсыласы - америкалық Ноа Кидд. Олардың жекпе-жегі Дэниел Джейкобс пен Мацей Сулецки арасындағы айқастың андеркартында өтеді.

Бокс кеші Barclays аренасында болады.

Соңғы жаңалықтар