Данияр Елеусінов жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жартылай орта салмақтағы боксшы Данияр Елеусінов (3-0? 1 КО) бокс жанкүйерлерінің не үшін оның кәсіби рингтегі айқастарын тамашалауға тиіс екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sports.kz. 

Алдағы демалыс күндері отандық боксшы АҚШ-та екінші айқасын өткізеді. Бостонда (Массачусетс штаты) ол жергілікті спортшы Мэтт Доэртимен (8-5-1, 4 КО) кездеседі. Елеусінов 24 қарашада Монакода рингке оралуды жоспарлап отыр.

«Жанкүйерлер мен әдемі бокс көрсететінім үшін маған жанкүйерлік етулері тиіс деп ойлаймын. Әдемі бокс жанкүйерлеріне - мархабат!», - деді Елеусінов.

Айта кетейік, 27 жастағы Елеусіновтің мүддесін қорғайтын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы оның кәсіби бокстағы бесінші жекпе-жегінің қашан және қайда өтетінін де жариялаған болатын. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.

Еске салайық, Данияр Елеусінов биылғы 4 тамызда өткен жекпе-жекте венгриялық Габор Горбичті (26-13, 16КО) ұпай санымен жеңген болатын. Бұдан кейін қазақстандық боксшының BoxRec.com танымал сайтындағы рейтингі бірден 75 сатыға жоғарылады.

Соңғы жаңалықтар