Данияр Елеусінов титулдық жекпе-жектен кейін әлемдік рейтингте көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) Boxrec.com порталының рейтингінде көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Елеусінов BoxRec рейтингінде жартылай орта салмақта 40-ыншы орыннан 27-ге көтерілсе, оның қарсыласы Джулиус Индонго (23-3, 12 КО) 32-ден 60-орынға түсті.

Еске сала кетейік, Елеусінов Индонганы екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, жартылай орта салмақта IBF Inter-Continental чемпионы ваканттық белбеуін иеленді.

Коронавирус пандемиясына байланысты Данияр 2020 жылы бір ғана жекпе-жек өткізіп үлгерді. Бұған дейін ол соңғы рет 2019 жылдың желтоқсанында рингке шыққан болатын.


Соңғы жаңалықтар