Данияр Елеусінов рингке қашан шығатыны жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (9-0, 5 КО) келесі жекпе-жегінің датасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«27 қараша, Флорида, Голливуд. «Хард Рок» казиносында бокс кеші өтеді. Құдай қаласа сол кеште мен де өнер көрсететін боламын», - деп жазды боксшы Instagram-дағы парақшасында.

Қазақстандық спортшының кезекті айқасы туралы оның менеджері Зия Әлиев те Instagram-да анонс жасады.

Мәлім болғандай, Данияр Елеусіновтің қарсыласы – WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы, намибиялық Джулиус Индонго (23-2, 12 КО).

Бокс кеші Голливудтағы (АҚШ, штат Флорида) Seminole Hard Rock Hotel and Casino аренасында өтетіні бұған дейін хабарланған болатын.

Айта кетейік, Елеусінов-Индиго жекпе-жегі сәуір айында ұйымдастырылуы тиіс еді. Алайда, пандемияға байланысты кейінге шегерілді.

Данияр соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында өткізді. Ол америкалық Алан Санчесті (20-5-1, 10 КО) бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.



Соңғы жаңалықтар