Данияр Елеусінов пен Иван Дычко бокс кешінде шаршы алаңға шығатын болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Боксшылар Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) пен Иван Дычконың (10-0, 10 КО) менеджері Зия Әлиев өз клиенттерінің Қазақстанда өтетін бір бокс кешінде өнер көрсететінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

- 18 желтоқсанда Қазақстанда мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шоу жасаймын, промоутер боламын. Оған Данияр да, Иван да қатысады. Қалған боксшылармен де жұмыс жасап жатырымын», - деді Әлиев.

Айта кетер жайт, Данияр Елеусінов пен Иван Дычко Triller Fight Club промоутерлік компаниясымен ынтымақтастықты бастайды. Елеусінов соңғы айқасын 2020 жылдың қарашасында өткізді. Екінші раундта ол Юлиус Индонгоны нокаутқа жіберді (23-4, 12 КО). Ал Дычко осы жылдың шілдесінде болған жекпе-жегінде ресейлік Денис Бахтовтан (39-19, 26 КО) бірінші раундта басым түсті.



Соңғы жаңалықтар