Данияр Елеусінов мексикалық боксшымен жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен мексикалық Сильверио Ортис жекпе-жек алдында салмақ өлшу рәсімінен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық салмақ өлшеу рәсімінің қорытындысы бойынша қарсыласынан жеңіл болып шықты - оның салмағы 148,2 фунт болса, С.Ортистікі - 150,7.

Бұл - 2016 жылғы Олимпиада чемпионының кәсіби мансабындағы алтыншы айқасы. Бұған дейінгі бес жекпе-жекте жеңіске жетсе, үшеуінде қарсыласын нокаутқа түсірген. С.Ортистің тәжірибесі көбірек - ол кәсіби рингте 37 айқас өткізген. Оның 23-інде жеңіліс тапқан. Бірақ, мексикалық 18 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Елеусінов-Ортис айқасы Филадельфияда (АҚШ, Пенсильвания штаты) Liacouras Center аренасындағы бокс кешінің андеркартында сегіз раундқа созылады деп жоспарланып отыр. Басты бокс кешінде жартылай жеңіл салмақтағы IBF чемпионы, америкалық Тевин Фармер (28-4-1, 6КО) мен ирландық Джоно Кэрролл (16-0-1, 3КО) жұдырықтасады.

Шоуды Геннадий Головкин таяуда ғана келісімшарт жасаған DAZN стримингтік сервисі трансляциялайды. Бұл айқасты 16 наурыз күні Астана уақытымен 06:00-де «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирден тамашалауға болады.

Соңғы жаңалықтар