Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жартылай орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) рингке оралуға дайыналып жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

369 Agency твиттер-аккаунты хабарлағандай, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Флорида штаты Майами қаласында 5th Street Gym залында жаттығуда. Даниярдың спарринг-қарсыластарының бірі - тағы бір қазақстандық Сергей Карбивнычий. Ол да кәсіби рингтегі дебютіне АҚШ-та дайындалып жүр.

Елеусіновтің келесі айқасы 8 маусымда Нью-Йоркте өтеді. Ол Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) - Стив Роллс (19-0, 10 КО) бокс кешінің андеркардында рингке шығуды жоспарлап отыр. Оның қарсыласы кейінірек белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар