Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін қашан және қайда өткізетіні анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) кәсіби деңгейдегі кезекті жекпе-жегін күздің алғашқы айында өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Рио Олимпиадасының 28 жастағы чемпионы келесі кездесуін қашан өткізетіні жөніндегі жаңалықты оның менеджері Зия Әлиев мәлім етті.

«Данияр 13 қыркүйек күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden-нің кіші аренасында жекпе-жекке шығады. Девин Хэйни мен Заур Абдуллаевтың айқасы кештің басты оқиғасы болмақ», - деді Зия Әлиев.

Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов 27 шілдеде АҚШ-тағы Техас штатына қарасты Арлингтон аймағында орналасқан College Park Center аренасында рингке шығуы керек болған еді. Алайда, жекпе-жек қазақстандық боксшының қатты суық тигізіп алуына байланысты өтпей қалды.

Соңғы жаңалықтар