Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегі туралы видео жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2 KO) әлеуметтік желідегі парақшасында келесі жекпе-жегі туралы видеожазба жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы Даниярдың 24 қараша күні Монте-Карлода (Монако) никарагуалық Карлос Мохикаға (16-2-2, 12 KO) қарсы рингке шығатынын мәлімдеген болатын. Қазақстандық боксшы алдағы кездесу туралы видеоны Инстаграмдағы парақшасында жариялаған.

Еске сала кетейік, алдағы бокс кешінде Даниярдан тыс, тағы бір қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (1-0, 0КО) те өнер көрсетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

November 24 🥊🇰🇿 Monaco 🇲🇨 Monte-Carlo

Публикация от Daniyar Yeleussinov (@yeleussinovdaniyar) 19 Ноя 2018 в 2:01 PST

Соңғы жаңалықтар