Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста 34 рет жеңіске жеткен британдықпен айқасуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – WBC белбеуінің иегері, британдық боксшыға келесі жекпе-жекте қазақстандықпен айқасуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Өзінің твиттерінде британдық боксшы, WBC титулының иегері Амир Хан (34-5, 21 KO) жазылушыларынан 40-шы айқасына кімді таңдау керектігін сұрады. Оған әлеуетті жекпе-жек үшін бірінші нұсқа ретінде қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қарашада Данияр IBF Inter-Continental чемпионы атағы үшін намибиялық Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) айқасады.


Соңғы жаңалықтар