Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста 6-рет жекпе-жекке шығады

2019 жылғы 12 ақпан 09:03 1413
Бөлісіңіз:
Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста 6-рет жекпе-жекке шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) 15 наурызда Филадельфияның (АҚШ, Пенсильвания штаты) Liacouras Center аренасында кәсіби рингтегі алтыншы айқасын өткізеді. Оның қарсыласы әзірге нақты белгілі болмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы екі жаңа ойыншымен толықты Қазақстандық бес боксшы Болгариядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазіргі уақытта осы бокс кешінде IBF тұжырымы бойынша екінші жартылай салмақтағы әлем чемпионы Тевин Фармер (28-4-1, 6 КО) мен Джоно Кэрролл (16-0-1, 3 КО) хедлайнер болып отыр. Жеңіл салмақта әйелдер арасында әлемнің екі чемпионы - WBA және IBF титулдарының иегері Кэти Тэйлор (12-0, 5 КО) мен WBO белбеуінің иегері Роуз Воланте (14-0, 8 КО) айқасады. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Габриэль Росадо (24-11-1, 14 КО) былтыр Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасқан Мацей Сулецкимен (27-1, 11 КО) күш сынамақ. Тағы бір жұп бекітілді: Генри Ланди (29-7-1, 14 КО) - Эвери Спэрроу (9-1, 3 КО). 

Сондай-ақ, қатысушылар тізімінде Джон Джо Невин (11-0, 4 КО) мен дебютант Рэймонд Форд бар. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT