Данияр Елеусінов чемпиондық белдікке таласатын жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов өзінің титул үшін сынға түсетін жекпе-жегі туралы хабарлады, деп жазады Sports.kz.

Жерлесіміз намибиялық боксшымен рингке шықпақ.

Данияр Елеусінов өзі Instagram парақшасында бірнеше сурет және видео жариялады.

IBF Inter-Continental чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жек 28 қараша күні таңертең өтпек.

Қазақстанда бұл кездесуді «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Трансляция астана уақытымен 06:00-де басталады.

Айта кетейік, Данияр соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, 5-раундта америкалық Алан Санчесті (20-5-1, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңген еді.

Соңғы жаңалықтар