Данияр Елеусінов бокстағы мансабына кім кедергі келтіргенін айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов мансабына менеджерлер кедергі келтірді деп санайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

31 жастағы спортшы әлемге әйгілі бокс промоутері Эдди Хирннен кетіп, Зия Әлиевпен жұмыс істей бастады. Елеусінов екі жылда бір ғана жекпе-жек өткізді, бірақ бұл жекпе-жек чемпиондық белдесу болған болатын. 2021 жылдың желтоқсанында ол IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуін жеңіп алды, титулынан айрылды.

«Бұл менің менеджерлерімнің кінәсі. Олар Эддимен әрі қарай жұмыс істеуден бас тартты. Содан кейін мені жекпе-жекке шығармай ұстады», - деді Елеусінов.

Соңғы жекпе-жегінде Елеусінов аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны (15-1, 4 КО) жеңді.

Бұған дейін боксшының әлем чемпионы атағынан айрылғанын хабарлаған болатынбыз. Артынша Данияр Елеусінов бокс онша ұнамайтынын айтып, спорттық мәнсабын аяқтауына байланысты пікір білдірді.


Фото: sports.kz

Соңғы жаңалықтар