Данияр Елеусінов бесінші жекпе-жегіне қалай дайындалып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Univision.com сайтының журналисі және фотографы Лестер Сильва Instagram-да  қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің соңғы жаттығуларының кадрларын жариялады, деп жазады Sports.kz.

«Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Саус-Бичтегі (Флорида) әлемге танымал 5th Street залында бірнеше раунд өткізді», - деп жазды Сильва.

Айта кетейік, 27 жастағы Елеусіновтің мүддесін қорғайтын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы оның кәсіби бокстағы бесінші жекпе-жегінің қашан және қайда өтетінін жариялаған болатын. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.

21 қазанда Данияр Елеусінов жартылай орта салмақтағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл Даниярдың әлемдік рейтингте  біршама жоғары көтерілуіне жол ашты.

Соңғы жаңалықтар