Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 367.06 EUR 416.17
RUB 5.56 CNY 52.84
Jańalyqtar

Данияр Елеусінов америкалық қарсыласын нокаутпен жеңді

2018 жылғы 21 қазан 08:16 469
Бөлісіңіз:
Данияр Елеусінов америкалық қарсыласын нокаутпен жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Қазақстандық жартылай орта салмақтағы боксшы Данияр Елеусінов (3-0, 1 КО) кәсіби рингтегі төртінші кездесуін өткізді, деп жазады Sports.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Данияр Елеусінов бесінші жекпе-жегіне қалай дайындалып жатыр

27 жастағы қазақстандық Бостон қаласындағы TD Garden аренасында өткен бокс кеші аясында америкалық Мэтт Доэртиге (8-5-1, 4 КО) қарсы бокстасты. Бұл жекпе-жек бірінші раундта техникалық  нокаутпен Елеусіновтің жеңісімен аяқталды. Сөйтіп Данияр өзінің кәсіби бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. 

Айта кетейік, 27 жастағы Елеусіновтің мүддесін қорғайтын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы оның кәсіби бокстағы бесінші жекпе-жегінің қашан және қайда өтетінін де жариялаған болатын. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.

Данияр Елеусінов биылғы 4 тамызда өткен жекпе-жекте венгриялық Габор Горбичті (26-13, 16КО) ұпай санымен жеңген болатын. Бұдан кейін қазақстандық боксшының BoxRec.com танымал сайтындағы рейтингі бірден 75 сатыға жоғарылады.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT