Данияр Елеусінов алда қалай жұмыс істейтіндігі туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та төртінші жеңісіне қол жеткізген қазақстандық жартылай орта салмақтағы боксшы Данияр Елеусінов (3-0, 1 КО) алдағы жекпе-жектері туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz. 

«Мен әуесқой бокста алыс қашықтықта жүріп жұмыс жасадым. Ал кәсіби бокста Джон Дэвид Джексон мені жақын және орта ара қашықтықта бокстасуға үйретіп жатыр. Қандай жағдай болмасын маған жұмыс жасап, үлкен жекпе-жектерде өзімнің мүмкіндігімді көрсетуім керек», - деді Елеусінов.

Еске сала кетейік, бүгін 27 жастағы қазақстандық Бостон қаласындағы TD Garden аренасында өткен бокс кеші аясында америкалық Мэтт Доэртиге (8-5-1, 4 КО) қарсы бокстасып, жеңіске жетті. 

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы оның кәсіби бокстағы бесінші жекпе-жегінің қашан және қайда өтетінін де жариялаған болатын. Оның қарсыласы әзірге белгісіз. 

Данияр Елеусінов биылғы 4 тамызда өткен жекпе-жекте венгриялық Габор Горбичті (26-13, 16КО) ұпай санымен жеңген болатын. Бұдан кейін қазақстандық боксшының BoxRec.com танымал сайтындағы рейтингі бірден 75 сатыға жоғарылады. 

Соңғы жаңалықтар