Данияр Елеусінов АҚШ-тағы айқас алдында салмақ өлшеуден өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең таңғы мезгілде америкалық Оксон Хилл қаласындағы (Мэрилэнд штаты) MGM National Harbor ойын-сауық кешенінде бокс шоуы болады. Оған жартылай орта салмақтағы қазақстандық Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) қатысады, деп жазады Sports.kz.

Алты раундқа есептелген жекпе-жектегі оның қарсыласы чилилік Луис Норамбуэна (3-1-1, 2 КО).

Олар айқас алдындағы дәстүрлі салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Оның қорытындысы бойынша Елеусіновтың салмағы 150,2 фунт, ал Норамбуэн одан жеңілдеу -149,4 фунт болды.

Жекпе-жек жексенбі, 26 мамыр күні таңертең болады. Бұл кездесу жайлы қазақстандық жанкүйерлер тікелей трансляцияны «Хабар» телеарнасы арқылы көре алады. Ол астаналық уақытпен 06:05-те басталады.

Соңғы жаңалықтар