Данияр Елеусінов АҚШ-та әлем чемпионы титулын қорғайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің кезекті жекпе-жегін өткізетін күні белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын қорғау мақсатында шаршы алаңға шығады. Қарсыласы - украиналық Иван Голуб (20-1, 15 КО).

Аталған жекпе-жек 25 маусымда АҚШ-та өтетіні нақтыланды.

Жекпе-жекті Triller Fight Club промоутерлік компаниясы ұйымдастыруды өз міндетіне алған. Тартысты бәсеке 12 раундқа жоспарланып отыр.

Данияр Елеусінов 1991 жылдың 13 наурызында дүниеге келген. Әуесқой бокста 2016 жылы Олимпиада чемпионы атанды. 2013 жылы әлем чемпионы, 2015 жылы күміс медаль иегері болды. Сондай-ақ, Азия ойындары мен Азия чемпионатында алтыннан медаль тақты.

Әуесқой бокста 2018 жылдан бері сынға түсіп келеді. Қазірге дейін 11 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп, оның 6-ауын нокаутпен аяқтады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегі өтетін уақыт анықталған еді.


Соңғы жаңалықтар