+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Данияр Бегайдаров: Біздің өзімізге пара ұсынатындар бар

2021 жылғы 9 сәуір 19:04
Бөлісіңіз:
Данияр Бегайдаров: Біздің өзімізге пара ұсынатындар бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аудандық мәдениет сарайының директоры мен есепшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне пара бермек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда субұрқақтар құрылысын жүргізген мердігерді тексеру жүргізілуде Степногорскіде шенеуніктер төрт рет бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырған Ауыл мектебінің есепшісі мен ұстазы 25 млн-нан астам теңгені жымқырған - Павлодар облысы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаровтың айтуынша, жемқорлықпен күрес сапындағы мамандарға пара ұсынған мәдениет сарайының басшысы 4,5 млн теңге айыппұл арқалаған.

«Лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне өздерінің жеке мәселелерін шешу үшін пара беруге тырысатын жағдайлар да бар. 4 наурызда Қазығұрт аудандық мәдениет сарайының директоры Қазығұрт аудандық сотының үкімімен 4,5 млн теңге айыппұл арқалады. Пара ұсынғандардың тағы біреуі - сол ұйымның бас есепшісі. Оған 1,5 млн теңге айыппұл тағайындалды» - деді Данияр Бегайдаров.

Оның сөзіне қарағанда, Түркістан облысының Сарыағаш аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық басқармасының қызметкері 2018-2020 жылдарға арналған бюджет қаражатының игерілуін, оның ішінде «Еңбек» аясында бөлінген қаражаттың игерілуін тексерген. Осы істе құзырлы орган өкілдерінің қамқорлығына ие болу үшін директор мен бас есепші 300 мың теңге көлемінде пара беруге әрекеттенді деген күдікке ілінген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT