Данияр Ақышев теңгенің еркін айырбас бағамының ерекшелігін түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев еркін айырбас бағамының басымдықтары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамының еркін режімін ұстануды жалғастыруда. Бұл өз кезегінде валюталық нарықта күрт ауытқу факторларын жинақтамауға мүмкіндік береді, сондай- ақ қазақстандық тауарлардың бағалық бәсекеге қабілеттілігіне қолдау жасалады, әрі алтын-валюта резервтері сақталады», - деді Ақышев Сенаттағы парламенттік тыңдауда.

Оның айтуынша, теңге бағамын валюта нарығының қатысушылары қалыптастырады, оған шетел валютасының сұранысы мен ұсынысы негізіндегі іргелі факторлар ықпал етеді. 

«Ұлттық банк оның іргелі трендіне кедергі жасамайды. ҰБ валюталық нарықтағы өзінің қатысуын барынша азайтты. Еркін айырбас бағамына ауысу төлем балансында ахуалды жақсартуға жол ашты», - деді ол.

Осы орайда Д. Ақышев төлем балансы тепе-теңдікте болған жағдайда ғана валюталық нарықта тепе-теңдік сақталады. Бұл қадамдар орындалмаса, онда айырбас бағамына қысым жасалады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ұлттық валютаның жағдайына байланысты болжам жасаған болатын.

Соңғы жаңалықтар