+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Данияр Ақышев ҚазАқпараттың шетелдегі оқырмандарының сауалына жауап берді

2018 жылғы 22 ақпан 14:22
Бөлісіңіз:
Данияр Ақышев ҚазАқпараттың  шетелдегі оқырмандарының сауалына жауап берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА ұйымдастырған онлайн-конференцияда ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев агенттіктің ағылшын тіліндегі нұсқасындағы оқырмандар сауалына ағылшын тілінде жауап берді.

Жақын болашақтағы отандық экономиканың даму болжамы туралы сұраққа Данияр Ақышев 2018 жылға қарай елдегі экономикалық өсім 3 пайыз мөлшерінде болжанатынын, аталған көрсеткіш қосымша көздер табылса бұдан да жоғары болатынын жеткізді.

Сонымен қатар, Данияр Ақышев ҚР ҰБ барлық болжамдарды өзінің ресми сайтына жариялап отыратынын және кез келген қолданушыға қол жетімді екендігін айтты.

Жеке тұлғалардың депозиттері туралы сұраққа Данияр Ақышев жалпы көлемі 16,7 триллион теңгені (15 млрд доллар) құрайтын депозиттердің ұлттық валютада тең жартысы сақталғанын айтты. 2 жыл бұрын бұл көрсеткіш 30 пайыз көлемінде ғана болған.

Төрағаның айтуынша, мұндай прогресске Ұлттық банк жүргізген монетарлы саясат және құнды қағаздардың сыртқы нарықтағы тұрақтылығы мен ұлттық валюта бағамы арқылы қол жеткізілген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Дарын Нұрсапар

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT