Данияр Ақышев қазақ-өзбек банктерінің байланысы туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев қазақстандық банктер үшін Өзбекстан нарығына шығудың болашағы зор екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандық банктердің өзбек нарығындағы болашағы - әр қаржылық институттың бизнес моделінің мәселесі. Халық банкінің осы бағытта көрсетіп жатқан қызығушылығы басқа да банктерге жол ашатынына сенемін», - деді Данияр Ақышев журналистерге ҚР Ұлттық банкі мен Өзбекстан Орталық банкі арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қою барысында.

Ұлттық банк төрағасы Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформаларды ескере отырып, отандық банктерге сол елде жұмыс жасау тәжірибесін ұлғайтатынына сенім білдірді.

«Нарықтың көлемділігі, қаржылық қолжетімділік, барлық факторлар бұл нарықтың перспективасы өте үлкен екенін көрсетеді», - деді ол.

Қол қойылған құжатқа сәйкес қос тарап банк саласындағы өзгерістер мен реформалар, заң-нормативтік реттеу мәселелері бойынша ақпарат алмаса алады.

Атап айтқанда, қазақстандық банктер барлық талаптардан шығып жатса, Өзбекстан аумағында трансшекаралық ұйым құра алады.

Соңғы жаңалықтар