+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Данияр Ақышев қаржы пирамидасының басты белгілерін атады

2018 жылғы 22 ақпан 13:50
Бөлісіңіз:
Данияр Ақышев қаржы пирамидасының басты белгілерін атады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында қаржы пирамидасының белгілерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаржы пирамидаларының жұмысы өте жақсы ұйымдастырылған. Олар неше түрлі қитұрқы әрекетке барады. Ұлттық банктің сайтында қаржы пирамидасының тұзағына түсіп қалмаудың арнайы жадынамасы көрсетілген»,- деді Данияр Ақышев.

Бұл жадынамаға сәйкес, қаржы пирамидаларының біріншіден, Ұлттық банктен депозит ашу туралы арнайы лицензиялары болмайды.

Екіншіден, мемлекеттік тіркеу туралы жарғысы болмайды.

Үшіншіден, ұйымның қаржылық ахуалы туралы ақпарат жоқ.

Төртіншіден, салынған қаржының сақталуы туралы кепілдік жоқ.

Бесіншіден, нарық деңгейінен тым жоғары табыс ұсынылады.

Алтыншыдан, әр тартылған клиент үшін бонус беру.

Жетіншіден, тіркелген кезде ақша төлеу.

Сегізіншіден, БАҚ арқылы жарнама тарату.

Тоғызыншыдан, үлкен шаралар өткізіп, қымбат сыйлықтар беру.

Оныншыдан, ақша айналымы, бизнес жұмысы туралы ақпарат ашық емес.

«Азаматтарға осы 10 көрсеткішті есте ұстауға кеңес береміз. Ақшаңыздың сақталуы сіздің қырағылығыңызға байланысты», - деді ол.

Фото: piv-bank.ru

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT