Данияға қарсы матчта өнер көрсететін Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Бородюк 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу сындарында Дания құрамасына қарсы шығатын футболшылардың тізімін жария етті, деп хабарлайды Sports.kz.

ҚР Футбол федерациясының өкілдері хабарлағанындай, ел құрамасында төмендегідей футболшылар бар:

Қақпашылар: Марсель Исламқұлов («Кайсар», Кызылорда), Владимир Плотников («Кайрат», Алматы), Давид Лория («Ертіс», Павлодар);

Қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков «Астана»-барлығы», Гафуржан Сүйімбаев, Елдос Ахметов, Ян Вороговский («Қайрат» - барлығы, Алматы), Темірлан Ерланов («Ордабасы», Шымкент), Григорий Сартаков («Тобыл», Қостанай);

Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан, Георгий Жуков, Исламбек Қуат («Кайрат»-барлығы, Алматы), Серікжан Мұжықов, Дидар Жалмұқан («Астана»-екеуі де), Еркебұлан Тұңғышбаев, Азат Нұрғалиев («Ордабасы» екеуі де, Шымкент), Мақсат Байжанов («Қайсар», Қызылорда), Максим Федин («Оқжетпес», Көкшетау);

Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев («Ордабасы», Шымкент), Роман Мұртазаев («Астана»), Бауыржан Тұрысбек («Қайрат», Алматы), Алексей Щеткин («Тобыл», Қостанай).

Жоғарыда аталған футболшылардың бірі жарақат алып қалған жағдайда құраманың бапкерлер штабы резервтік тізімнен төмендегі спортшыларды шақырады:

Қақпашы: Александр Мокин («Астана»); Қорғаушы: Виктор Дмитренко («Тобыл», Қостанай); Жартылай қорғаушылар: Аслан Дарабаев («Ертіс», Павлодар), Асхат Тағыберген («Тобыл», Қостанай).

Оқу-жаттығу жиыны басталғанға дейін Қазақстан кубогы мен премьер-лигасы өтетін болғандықтан Ұлттық команданың құрамында өзгерістер болуы мүмкін. Құрама командалардың Талғардағы базасында футболшылар 4 маусымда премьер-лиганың 15-ші кезеңінен соң жиналады.

Дания құрамасына қарсы іріктеу ойыны 10 маусым күні Астана уақыты бойынша сағат 22-00-де Алматының Орталық стадионында өтеді.

Соңғы жаңалықтар