Данияда Оңтүстік Корея президенті құрбысының қызы ұсталды
2017 жылғы 2 қаңтар 10:37

Данияда Оңтүстік Корея президенті құрбысының қызы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Даниялық полиция Чун Ю Ра - сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталып және елдің президенті Пак Кын Хеге ықпалын жүргізген Сеулдегі сот үрдісі қозғалып жатқан оңтүстіккореялық саяси даудың себепшісі Чхве Сун Сильдің қызын ұстады, деп хабарлайды dw.com.

Оңтүстік Кореяның шабандозы Германияда жаттықтырушы болып жұмыс жасайтын Чун Ю Раны анасымен сыбайласып қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алмақшы. Оңтүстіккореялық биліктің мәліметі бойынша, әйелді Данияның Ольборг қаласында заңсыз жүргені үшін ұстаған.

Сеул прокуратурасы өкілдерінің айтуынша, Оңтүстік Кореяның билігі еуропалық билікпен ынтымақтастық орнатып, Чун Ю Раны бір немесе екі аптаның ішінде еліне экстрадицияламақшы. Чун Ю Раның анасы президентпен достығын пайдалана отырып оңтүстіккореялық компанияларға қайырымдылық ұйымдарына қыруар қаржыны аударуға мәжбүрлеген. Сондай-ақ, оған үкіметтің жұмысына теріс ықпал етті деп айып тағылуда.

Чхве Сун Силь ісі ірі саяси дағдарысқа, Оңтүстік Кореяның тарихында алғаш рет 64 жастағы президент Пак Кын Хені биліктен кетуін талап еткен бұқаралық наразылықтарға әкеліп соқтырған. 9 желтоқсан күні елдің парламенті оны орнынан кетуге дауыс берді, ал бұл шешімді Конституциялық сот қарап жатыр.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT