Дания Еспаеваның штабы оралдық жастармен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орал қаласында «Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның штабы жас сайлаушылармен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның ресми сайтына сілтеме жасап.

«Зенит» мәдениет үйінде өткен кездесуге 350-ге тарта студент пен ұстаздар қатысқан.

Сайлаушылар алдында Дания Еспаеваның сенімді өкілдері сөз сөйлеп, үміткердің сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарына тоқталды.

«Ақжол» партиясының облыстық филиал жетекшісі Серік Мерғалиев бағдарламаның «Тұрақты дамудың негізі - бәсекелестік пен жаппай кәсіпкерлік» атты бөліміне тоқталса, «Қайраткер» қоғамдық қорының Президенті, тарих ғылымдарының докторы Дәметкен Сүлейменова тыңдаушыларды «Ұлттық тәуелсіздік» бағытымен таныстырды.

Жиналған қауым бизнесті қолдау, адал бәсекелестік, бизнестегі жемқорлық мәселесі, әлеуметтік проблемалар ттуралы сауалдар қойды.

Айта кетейік, Дания Еспаева - Қазақстан тарихындағы президентікке үміткер ретінде тіркелген тұңғыш әйел.

Соңғы жаңалықтар