Дания Еспаеваның штабы Маңғыстау жұртшылығымен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның республикалық штабы сайлау науқаны аясында Маңғыстау облысына келді, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Партия төрағасы Азат Перуашев ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі Бюросынан келген кезектен тыс президент сайлауын бақылаушы Александр Бедрицкий және Шила Джагабпен сұхбаттасты.

Осы күні штаб басшылары Маңғыстау халқымен кездесті. Кездесуге партия төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев, партия төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсенбинов, «Ақ жол» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жаңбырбай Матаев, филиалдың кеңес мүшелері, өңірдің жас кәсіпкерлері, «Ақ жол-жастар» жастар қанатының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуді филиал төрағасы Жаңбырбай Матаев жүргізіп отырды. Жиын барысында партия төрағасы Азат Перуашев партияның бағыт-бағдарын, партия атынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның сайлауалды бағдарламасының мақсаттарын таныстырды. К
ездесуге жиналғандар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Сонымен қатар, штаб басшылары Маңғыстау облысындағы «Ақтау тарнсформатор зауыты» ЖШС жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесті.

«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның сайлауалды үгіт науқаны жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар