Дания Еспаеваның штабы Ақмола вагон жөндеу зауытының ұжымымен кездесті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Азат Перуашев бастаған Дания Еспаеваның штабы Ақмола вагон жөндеу ұжымымен кездесті. Бұл туралы «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметіне сілтемемен ҚазАқпарат хабарлайды.

Кәсіпорынға бұдан бөлек ҚР Мәжілісінің депутаттары Берік Дүйсембинов пен Кеңес Абсатиров, партия филиалының төрағасы Асқар Смағұлов, басқа да штаб мүшелері қатысты.

Ақмола вагон жөндеу зауыты 1941 жылы құрылған. Мұнда жылына үш мыңдай вагон жөндейді. Қазіргі таңда зауытта 400-дей адам еңбек етеді.Жалпы Қазақстанда жиырма шақты осындай зауыт бар. Өндіріс кезіндегі барлық сұрақтарды компания өзі шешеді.

Айта кетейік, ҚР Президенттінің кезектен тыс сайлауы 9 маусым күні өтеді. Оған 7 кандидат тіркелген.

Соңғы жаңалықтар