Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.90 EUR 422.74
RUB 5.87 CNY 54.80
Jańalyqtar

Дания Еспаеваның сайлауалды штабы Атырауда зауыт ұжымымен кездесті

2019 жылғы 16 мамыр 18:25 375
Бөлісіңіз:
Дания Еспаеваның сайлауалды штабы Атырауда зауыт ұжымымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Ақ жол» партиясының Атырау облыстық филиалы - ҚР Президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның аймақтық штабы «Рауан Налко» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады. 

Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев штабы оралдық жұмысшыларға сайлауалды бағдарламасын таныстырды Төлеутай Рақымбековтің сенімді өкілдері семейлік сайлаушылармен кездесті

«РауанНалко» ЖШС - мұнай-газ өндірісіне арналған химиялық реагенттерді өндіруші, әлемнің 160 елін қамтитын халықаралық «Налко Чемпион» (NalcoChampion) компаниясымен бірлескен отандық кәсіпорын. 

Кездесуді «Рауан Налко» ЖШС директоры Б.Әжіғалиев ашты. Бұдан кейін облыстық филиал жетекшісі Е. Юсупов партияның бағыт-бағдары мен сайлауалды мақсаттарымен бөлісті.

Кездесуде, сондай-ақ, облыстық филиалдың саяси жетекшісі Ә.Төлеуішов, облыстық саяси кеңестің мүшесі С.Ерубаев сөз сөйлеп, барша жиналғандарды үміткерді қолдауға шақырды. Кәсіпорын жұмысшылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алды.

Айта кетейік, «Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның үгіт науқаны жалғасуда. 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT